Батыс Қазақстан облысында бағаны негізсіз көтеруге қатысты 200-ден астам шағым түсті
Батыс Қазақстан облысында бағаның өсуін алдын алу үшін ашылған «қауырт желіге» 232 хабарлама түскен. Тұрғындар негізінен сүт, қант, қарақұмық, көкөніс, макарон өнімдерінің 20-30 %-ға қымбаттағанын айтқан. Бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының айтуынша, арыз-шағымға орай заң аясында тиісті шара қолданылады. Ірі сауда желілеріне жағдайдың себебін анықтау үшін сұрау жіберілген.
Облыс әкімінің үндеуінен кейін кейбір кәсіпкерлер тауарға қосылатын үстемақыны 10-15%-дан асырмай, бағаны түсірген. Тұрғындар азық-түліктен бөлек, такси, жанармай, электр қуаты, тауарлық газ құнына қатысты да шағым айтқан.
Салауат Вахитов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы:
«Қауырт желіге» азық-түлік бағасының өсуі бойынша 101 хабарлама түсті. Облыс әкімі барлық нарық субъектілерін сауда үстемесін ең төменгі деңгейге дейін төмендетуге шақырды. Содан кейін «Анвар», «Суровский», «Вега» супермаркеттерінде баға түсірілді. Департамент сүт өндіретін «Береке» және «Хлебозавод №1» кәсіпорындарына мән-жайды анықтау үшін сұрау жолдады. Субъектілердің берген жауаптары бойынша желтоқсан айынан бастап Алматыдағы «Raimbekagro», «Масло-Дел» сияқты өндірушілер мен көтерме сатушылар бағаны өсірген. Осыған орай аумақтық департаменттерге тиісті шаралар қабылдау үшін хат жіберілді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00