Ресейде 1 тәулікте 60 000-нан астам адам коронавирус жұқтырды
Ресейде 1 тәулікте ковид жұқтыру көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді. 1 күнде 60 000-нан астам адамда вирус анықталған. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, Ресейдегі эпидахуал туралы айтып берсеңіз, елде локдаун жариялануы мүмкін бе?
Индира Бегайдар, тілші:
Қазір коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді. Компаниялар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін қайтадан онлайн жұмыс режиміне ауыстырды. Сонымен қатар маска тақпағандарға салынатын айыппұл көлемі өсті. Жалпы Ресейдің 13 өңірінде «омикрон» штамы анықталып отыр. Мамандар айдың соңында 1 күнде індет жұқтырғандар саны 200 000-ға дейін баратынын айтады.
Мария Николаева, инфекционист:
Тұрғындардың 85 пайызы індетке қарсы екпе алғанда ғана ауруды жеңеміз. Ревакцинацияны да ұмытпаған абзал. Қазір «омикрон» штамы өте тез таралып жатыр. Бұл штамның өзгерелерге қарағанда жұқтыру көрсеткіші 5 есе жоғары.
Дәрігерлер «омикрон» штамы өзгелерге қарағанда жастар мен балалардың арасында жиі кездесетінін мәлімдеді. Бар үміт ұжымдық иммунитетте. Бүгінгі күні 77 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Ресейдегі эпидахуал осындай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09