Қазақстан азаматтарына «Самұрық-Қазына» қоры активтерін иелік ету мүмкіндігі берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтарына «Самұрық-Қазына» қоры активтерін иелік ету мүмкіндігі берілмек

24.01.2022

Бұл жайында аталған қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты. Мемлекет басшысының сынынан кейін ұлттық әл-ауқат қорының басшысы жазба жариялады.  

«Біз реформалау бағдарламасының жобасына енгізу үшін сындарлы ұсыныстар беретін барлық азаматпен диалог жүргіземіз. Таяу уақытта бұл жоспарлар ашық дереккөздерге және корпоративтік сайтымызда жарияланады. Біз сіздердің барлық сауалдарыңызға жауап береміз. Базалық принциптер ретінде ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және жемқорлықпен күрес айқындалған. Меніңше, ұлттық байлықты әділ бөлу элементі ретінде қор активтерін иелік етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей қатысу мүмкіндігі бетбұрысты сәт болмақ», - деп жазды.

Сондай-ақ, «Біз сатып алулар жүйесін түбегейлі қайта қарауға, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейтуге ниеттіміз. Бұл мәселелер сәрсенбі, 26 қаңтар күні, бизнес қоғамдастықпен әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында талқыланады. Бағдарлама бекітілген жағдайда мен оны барынша сәтті енгізіп, орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын. Сіздерден ұсыныс күтеміз» делінген.


Хабарламаларға жазылу