Алматы облысы әкімдігін тонағандар ұсталды
Талдықорғандық полицейлер Алматы облысы әкімдігін тонағандарды ұстады. 24 және 28 жасар қала тұрғындары ғимаратты қиратып-өртеп жатқан кезде кеңсе техникасын, тұрмыстық заттарды қолды қылған. Күдіктілер тіпті қалам-қарындаш сынды ұсақ кеңсе тауарлары мен бума-бума әжетхана қағазын әкеткенін мойындады. Қазір олардың кінәсі айғақ заттармен дәлелденіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ Алматы облысындағы шұғыл операциялар барысында 133 адам ұсталып, 188 қылмыстық іс қозғалды. 300-ге жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қолды болған 181 қару қайтарылды. Оның 110 данасы «Макаров» тапаншасы. Қару-жарақты өздері әкеліп өткізіп жатқандар да бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00