Тергеу қорытындылары халықаралық қауымдастыққа ұсынылады
Бүліктерге қатысты 700-дей іс тергеліп жатыр. Мемлекетке опасыздық жасау бабымен де іс қаралуда. Сондықтан қаңтар оқиғасы туралы ой қорытуға әлі ерте. Еуропарламент жорамалдарға ғана сүйеніп, қарар қабылдап тастады. Дегенмен Президент тергеу қорытындысы халықаралық қауымдастыққа ұсынылатынын айтты. Ал, адам құқығына келсек елде соңғы жылдары оңтайлы өзгерістер енгізілуде,-дейді депутаттар. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосылды. Өлім жазасы жойылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі туралы заң қабылданып, өңірлерде өкілдіктері бекітілді.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Ұлттық қауіпсіздікке байланысты сұрақтар қоғамда өте көп. Сырттан келген саяси ықпалды күштерге байланысты сұрақтар бар. Осының бәрі зерттелуі керек, тергелуі керек. Аннан-мыннан алынған әр түрлі адамдардың субъективті пікірлерін жинақтап үлкен Еуропадағы демократиясы дамыған мықты-мықты елдердің осындай асығыс пікір айтуы әрине таң қалдырады.
Зүлфия Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Өкінішке қарай, мазмұнына қарасақ белгілі бір субьективті бағаларға және ақпараттарға сүйене отырып жасалған іспеттес. Негізінен ресми ақпарат біздің сыртқы істер министрлігінен де, өзіміздің мәжілісте ресми бағыттар бойынша ресми ақпаратты жолдаған болатын. Өкінішке қарай осы ақпарат және бұқараға қолжетімді ақпаратты да назарға алған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00