«Аялаған Астана!» байқауына іріктеу жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған Астана!» байқауына іріктеу жүргізілуде

22.04.2014
«Аялаған Астана!» байқауына іріктеу жүргізілуде
Елорданың 15 жылдығына орай, елімізде «Аялаған Астана!» республикалық байқауы басталды. Оған 8 бен 14 жас аралығындағы талантты жас әншілер әр өңірден таңдалып алынады.
 
Жобаға кезекті іріктеу Семейде өтті. Биыл екінші рет қолға алынып отырған телевизиялық жоба ауқымы жағынан «Superstar.kz», «X-factor» сынды сайыстардан кем түспейді.
 
Еліміздің танымал өнер жұлдыздары жүргізген таңдауға Семейден 100 ден астам өнерлі жас қатысып бағын сынады. Жалпы, шілде айының басына дейін жалғасатын байқауға дарындыларды іріктеу 16 қалада өтеді.
 
 Жобаның телевизиялық нұсқасы маусымның 1-нен бастап отандық телеарналардың бірінде көрсетілмек. 
 
Әнел Әрінова, әнші:
Бұл біздің байқауға қатысушылар үшін үлкен мүмкіндік. Олардың өз өнерлерін көпшілікке паш етуіне, танымал болуларына. Сондықтан қатысушылардың барлығына тек қана сәттілік тілеймін.
 
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу