«Аялаған астана» байқауының іріктеу сайысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған астана» байқауының іріктеу сайысы аяқталды

04.07.2014
«Аялаған астана» байқауының іріктеу сайысы аяқталды

Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған  «Аялаған Астана» балалардың  ұлттық телевизиялық ән байқауының іріктеу сайысы аяқталды. Бүгін бас қаладағы медиа орталықтың үлкен студиясында байқаудың қорытынды бөлімі басталып кетті.

Еліміздің 16 аймағынан келген жас дарындар үш күн бойы өнер бәйгесіне түсіп жатыр.  Олар мыңға тарта жас әншілер қатысқан тартысты іріктеуден сүрінбей өтіп,  өз облыстарында жеңімпаз атанғандар.

Байқауды ұйымдастырушылар үміткерлерді  маусым айында Астанаға шақырып, телевизиялық шоуға дайындаған болатын. Бірінші күнгі сайыс  «Балалық шақтың әнұраны» деген тақырыппен өтті.

Ал  екінші күні балалар танымал жұлдыздармен дуэт айтады. Көпшілікке кеңінен танылған әндерді шырқайды. Үшінші күн «Атамекен» тақырыбына арналып отыр. Жез таңдай әншілердің өнерін Роза Рымбаева, ресейлік Сергей Лазарев, Тимати сияқты танымал жұлдыздар бағалайды.  Осы сындардан мүдірмей өткен жеңімпаз Қазақстанды халықаралық «Детская новая волна»  байқауында таныстырады деп күтілуде.  

Әділхан Масымханов, байқаудың музыкалық редакторы:

Байқаудың негізгі шарттары вокалдық қана емес, бұл жерде актерлік шеберлік те басты назарда. Өзін-өзі сахнада ұстай білуі маңызды шарттардың бірі. Көзім жеткені, қазақ жерінде жезтаңдай әнші балаларымыз көп екен.

Айнұр АҚБАЕВА                                           

Хабарламаларға жазылу