Ганада жарылғыш зат тиеген көлік апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ганада жарылғыш зат тиеген көлік апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты

21.01.2022

Гананың батысында шахтаға арналған жарылғыш зат тиеген жүк көлігі апатқа ұшырады. 17 адам қаза тапқан. 59 адам жараланып, ауруханаға түсті. Жапа шеккендердің кейбірінің халі мүшкіл. Жақын маңдағы ғимараттар да қираған. Апат Богосо қаласына жақын маңда болды. Жолда келе жатқан жүк көлігі мотоциклмен соқтығысқан. Алдымен өрт тұтанды. Жергілікті тұрғындар оқиға орнына барып, оны суретке түсіріп жатқан кезде жарылыс болған. Жарылыстың күштілігі сонша, жол бойында үлкен кратер пайда болды.   

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу