Пәкістанның Белуджистан провинциясында жарылыстан 25 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Белуджистан провинциясында жарылыстан 25 адам қаза тапты

12.05.2017

Пәкістанның Белуджистан провинциясында жарылыстан кем дегенде 25 адам қаза тапты. Тағы 35 кісі жараланған. Жарылғыш зат сенат төрағасы кортежінің жанында іске қосылыпты. Құрбандардың ішінде сенатордың жүргізушісі бар. Шабуылдан бірнеше көлік пен мотоциклге қатты зақым келген. Оқиға үшін жауапкершілікті «ДАИШ» радикалдық тобы өз мойнына алды. 

Жалпы, табиғи ресустарға бай Белуджистанда діни негіздегі қақтығыстар жиі болады. Сондай-ақ, провинцияда соңғы жылдары экстремистік шабуылдар көбейген.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу