Жаңа Зеландияда автобус апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда автобус апатқа ұшырады

04.09.2019

Бүгін Жаңа Зеландияның Норд аралында 27 адам мінген автобус апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Тағы алтауы жараланған. Қатты зардап шеккендердер тікұшақпен, жедел жәрдем машинасымен дереу ауруханаға жеткізілді. 

Құрбандардың бірнешеуі қытайлық туристер болса керек. Олар отырған көлік автомагистраль үстінде аударылып қалған.  

Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Дегенмен, «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиғаға ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу