Батыс Қазақстанда көктайғақтан көлік жолдан тайып, жолаушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда көктайғақтан көлік жолдан тайып, жолаушы қаза тапты

21.02.2022

Ауа райының қолайсыздығынан «Орал-Атырау» тасжолында «Тойота Альфард» көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Жүргізушінің айтуынша, алдыңғы көлік кілт тоқтаған кезде қарсы беттегі көлікке соғылудан қашып, жол жиегіне түсіп кеткен. Жолдың көктайғақ екендігі видеода анық көрініп тұр. Сараптама тағайындалды. Жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Біреуі жолда «жедел жәрдем» көлігінде көз жұмды.

Тимур Майранов, облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Қаңтар және ақпан айларында 7 көлік оқиғасы тіркеліп, //соның ішінде 3-уі жол тайғақ болғасын, жол-көлік оқиғасы болды. Биыл 20 көлік оқиғасы тіркеліп, 18 адам қаза тауып, 37 адам жарақат алды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу