Малидің солтүстігіндегі Гоа қаласында көлік жарылысынан кемінде 60 адам қаза тапты

19.01.2017
Малидің солтүстігіндегі Гоа қаласында әскери лагерьде болған жарылыстан кемінде 60 адам қаза тапты. 100-ден астам жауынгер жараланған. Қаза тапқандардың 5-еуі - жанкешті-лаңкес.

Олар әскери нысан маңында жарылғыш зат қойылған көлікті жарып жіберген. Оқиға болған жерде Малидің үкіметтік әскері, қарулы көтерілісшілер, БҰҰ-ның күштері орналасқан.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу