Кредиторлар тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен қарыз алушыларды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кредиторлар тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен қарыз алушыларды қолдайды

20.01.2022

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға несие төлемін 3 айға кейін шегеруге мүмкіндік беріледі. Тараптардың келісімі бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың одан да ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Банктер мен микроқаржылық ұйымдар айыппұл мен өсімпұлды есептемейді. Сондай-ақ, мерзімі өткен пайыздық сыйақыны капиталдандыруға жол берілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері айтты. Зардап шеккен кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар төлемді кейінге қалдыру үшін кредиторға өтінішті 5-ші сәуірге дейін жазу керек. Несие төлемін кейінге шегеру мерзімі төтенше жағдай енгізілген күннен басталады. Несие уақытында төленбей қалған немесе кейінге шегерілген жағдайда қарыз алушының кредиттік тарихы нашарламайды.

Ернар Оразбаев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент директорының орынбасары:
Кейбір зардап шеккен кәсіпкерлердің мүлкіне өте үлкен нұқсан келген болса, оларға 3 ай аз болуы мүмкін. Сол үшін 3 айдан көбірек уақыт керек болса онда қаржы ұйымдарымен басқа да ұзағырақ шарт қарастырылуы мүмкін.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру ұйымдарының қызметін де бақылауда ұстап отыр. Сақтандыру төлемін алу бойынша қиындыққа тап болған тұрғындарға агентттіктің орталық және өңірлік басқармаларға шағымдануға болады. Мамандар сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы келісім шартты тексеріп, қорытынды береді. Бұдан бөлек, зардап шеккен азаматтар сақтандыру омбудсменіне шағым бере алады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу