Алматыда «Омикрон» штамы көп тарай бастады
Алматыда пандемияның жаңа толқыны басталды және «Омикрон» штамы көп тарап жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты. Оның сөзінше, 6 қаңтардағы геномдық секвенирлеу нәтижелері бойынша алынған 7 сынамада «Омикрон» анықталған. Әсіресе, бұл вирус 20-30 жас аралығындағы жастар арасында тез тарауда. Ал, «Омикронның» қауіпті кезеңі наурыз айында болуы мүмкін. Сондықтан, карантин күшейіп, концерт залдары мен театр-цирктердің мешіт-шіркеулердің Ashyq қосымшасы арқылы да жұмыс істеуіне тыйыс салынды. Ал, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар 70 пайыз онлайн жұмысқа ауысуы тиіс. Сабақ та қашықтықтан оқытылады.
Қарлығаш Әбдіжаббарова, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:Апталық сырқаттанушылық бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есеге өсті. «Омикрон» штамы симтомпсыз тіркеліп жатыр. Қазір стационарларда нақты 475 адам жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
20 отбасына тегін баспана берілді
14.03.2026, 20:57
Биыл елімізде 90 жаңа мектеп бой көтермек
14.03.2026, 20:53
Ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болады
14.03.2026, 20:51
Орталық Азиядағы шетелдік инвестицияның 68%-ы Қазақстанға тиесілі
14.03.2026, 20:50
ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесті
14.03.2026, 20:48
ІІМ: Жалған ақпарат таратқандар жазаланады
14.03.2026, 20:47
Бүгін - тыныштық күні
14.03.2026, 20:46
Қазақ тазысының көрмесі әрі тұқымдық байқауы өтті
14.03.2026, 20:13