Еліміздің үш аймағында төтенше жағдай режимі аяқталды

14.01.2022

Тәртіпсіздіктер тыйылып, террорлық әрекеттердің аяқталуына байланысты Президент қаулысымен Шымкент қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бүгін кешкі сағат 18-дан бастап бұл аймақтардағы блокбекеттер алынып, комендаттық сағат жойылды. Павлодар, Солтүстік Қазақстан,Батыс Қазақстан облыстарында да кеше төтенше жағдай режимі доғарылды. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу