Үш облыста төтенше жағдай режимі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш облыста төтенше жағдай режимі аяқталды

13.01.2022

Қазақстанның 3 өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды. Павлодар облысы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда төтенше жағдайдың күші бүгін таңғы сағат 7-ден бастап жойылды. 

Болат Аманбаев, тілші:
Павлодарға кіре беріс қақпаларға қойылған блок бекеттер таңғы сағат 7-ден бастап алынып тасталды. Дәл қазір мен шаһардың стратегиялық нысандар шоғырланған орталық аумағында тұрмын. Қаңтардың 5-і күні осы жерден бастап 10 гектарға жуық орамды айналдыра қорғаныс шебі құрылған болатын. Қазір міне жол торабындағы бөгеттер біртіндеп алынып жатыр. Астана мен Сәтбаев көшелері ашылды. Естеріңізге сала кетейін, құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел іс-қимылының нәтижесінде тәртіп бұзғандар қамауға алынып, барлық бейнежазбалар зерттелді. Полицияның мәліметіне қарағанда 909 адам ұсталған. Олардың ішінде 8 шетелдік азамат болған. Олар ҚР аумағынан шығарылды. ТЖ режимі күшін жойғанымен аймақ полицейлері тәртіпті бақылауды бәсендетпейді. Әсіресе түнгі уақыттағы кезекшілік күшейтілетін болады. 

Хабарламаларға жазылу