Президент мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

11.05.2020

Елімізде Төтенше жағдай режимі аяқталды. Десе де індет өршіп тұрған өңірлерде карантин жалғасады. Бүгін мемлекеттік комиссияның жиынын өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.


Хабарламаларға жазылу