ҰҚШҰ бітімгершілік әскері елдеріне қайта бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚШҰ бітімгершілік әскері елдеріне қайта бастады

13.01.2022

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттерден келген бітімгершілік әскер елдеріне қайта бастады. Олардың алғашқы легін шығарып салу рәсімі Алматыда өтті. Ал, толық құрам қашан шығарылады? Бітімгерлер өз міндетін қалай орындады?

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Бітімгерлерді шығарып салу рәсімі 1 сағат бұрын ғана аяқталды. Алматыдағы Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы әскерінің жедел штабы орналасқан құрлық әскері оқу орнының алаңында 6 елдің сарбаздары саппен жүріп, жоғары шенді офицерлер жұмысты қорытындылады. Айта кетейік, бітімгершілік әскері қаңтардың 6-нан бастап елдегі стратегиялық маңызды нысандарды күзеткен. Осылайша отандық күш құрылымдарының артқы шепке алаңдамай бұзақыларға қарсы тұруына жағдай жасады. Ал, бүгінгі шараға ұйымның бас хатшысы Станислав Зась бұл алты елдің әскерилері түгел қатысқан бірінші бітімгершілік операциясы екенін және оның сәтті аяқталғанын айтты.

Ұйымның бас хатшысы Станислав Зась бітімгершілік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды деді.

Станислав Зась, ҰҚШҰ Бас хатшысы:

Қазақстандықтар үшін қиын кезең артта қалды.

Осы шара барысында өз миссиясын тиянақты орындаған 140 бітімгерге «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» медальдары табысталды. Ал, сырттан келген әскердің алғашқы легі дәл осы уақыттарда ұшақпен жолға шығады деп жоспарланған. Бүгін қайтатын алғашқы лептің басым көпшілігі ресейлік сарбаздар. Айта кетейік, жалпы Қазақстанға 5 мемлекеттен 2 мыңнан аса әскерилер келген. Олар алдағы он күннің ішінде кезең-кезеңімен толық шығарылмақ. Барлығы 100-ден астам рейс жасалады. Өйткені, әскерден бөлек, 250 техника бар. Ал, олар күзеткен елдегі маңызды нысандарды қорғау енді отандық әскерилерге тапсырылып жатыр. Ләйла, әзірге мендегі ақпарат осындай.


Хабарламаларға жазылу