Жаңажылдық «Зимус» қойылымы талайды тамсандырды
Алматы цирк ұжымының «Зимус» қойылымы көрермендерді тамсандыруда. Тұңғыш түрлі синтез жанрындағы туындыны режиссер Дәулет Досбатыров бір ай бойы дайындаған. Ізгілік пен зұлымдықтың күресін көрсетіп, ақ пен қараны ажырататын ертегі желісін 60-қа жуық жас әртіс қанатты тұлпар үстіндегі керемет қимылдарымен әсерлі жеткізді.
Қойылым қарияның немересіне ертегі айтуымен басталады. Мұндағы жас сиқыршы Зимус Жаңа жылдың қорғаушысы. Бірақ мұнда оның ізгілікке толы ісіне қарсылық білдіретін кейіпкер - Мелиса есімді дуашы бар. Ол жылан жылының кеткенін қаламай, уақытты тоқтатқысы келеді. Ал, жақсылықтың қасынан табылатын Зимус зұлымдыққа жол бермейді. Бұл тұста көмекке қанатты тұлпар келеді. Ол кейіпкерлерді құтқарып мейірімділік орнатады.
Дәулет Досбатыров, Қазақ мемлекеттік циркі директорының орынбасары, бас режиссер:
Бұл қойылымда түрлі жанрдың басын біріктірдік. Мысалы, мұнда балет майталмандары мен гимнасттар, тіпті брейк билейтіндер де бар. Осы қойылым арқылы көрермендерімізге жаңажылдық көңіл-күй сыйлағымыз келді. Үнемі жақсы істердің жанында болуға шақырдық.
Қойылымның тұсаукесерінде циркте ине шаншыр жер болмады. Режиссерлік шешім мен актерлердің шебер ойнауына тәнті болған жас пен жасамыс спектакльдегі әсерлерімен бөлісті.
Жаңа жылда жақсы қойылым қойып, көптің көңілінен шыққан цирк ұжымы алда осы іспеттес туындылардың болатынына уәде беріп отыр, себебі отандық цирк бүгінде әлемдегі атышулы цирктерден бір мысқал да кем емес.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12