Павлодарда жағдай тұрақты, бірақ тәртіп күшейтілген. Полиция 300-ден астам адамды ұстады.
Павлодар тыныш, ішкі тәртібі тұрақты өңірлердің қатарында. Бірақ блокбекеттер әзірге бақылауды бәсеңдетпейді. Облысқа кіріп шығатын автокөліктер қатаң түрде тексеріліп, тізімге алынады. Коммуналдық және сервистік қызметтің барлық түрі тұрақты жұмыс істеп тұр. Аймақта сұйытылған газ бағасы арзандады. Литрі 70 теңге. Ал шалғай ауылдарда 75 теңгені құрайды. Азық-түлік құны да көтерілген жоқ. Тұрақтандыру қорына 1 млрд 700 млн теңге қаржы бөлінген. Соның нәтижесінде 7,5 мың тонна арнайы қор жасақталды. Бұл тұрғындар күнделікті сатып алатын жиі сұралатын. 13 түрлі тағамның бағасы көтерілмейтіндігінің бағасы. Ал коменданттық тәртіпті сақтау жағынан сын бар. Полиция түнгі 11-ден кейін көше кезген 327 адамды ұстады. 165 көлік айып тұрағына қойылды.