Тұтқындалғандар саны 4404 адамға жетті
Қылмыскерлерді ұстау бойынша жедел шаралар ширатылып жатыр. Ішкі істер құрылымындағы терроризмге қарсы жедел штабтан келіп түскен соңғы ақпаратқа сәйкес тұтқындалғандар саны 4404 адамға жетті. Біздің тілшіміз әлі сол орталықта. Нысаналы қандай қосымша ақпарат айта аласың.
Нысаналы Ығыл, тілші:
Ел ішінде ақпарат легі желдей есіп жатыр. Бірақ, бәріне бірдей сенуге болмайды. Тек ресми органдардың тексерілген мәліметіне құлақ түрген дұрыс. Осы ретте біз тұрған орталыққа да түрлі хабар ошар келіп түседі. Бірақ, ақиқатына көз жеткізіп барып таратылады. Сонымен, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында коменданттық сағат түнгі 10-нан бастап, таңғы 6-ға дейін деп өзгертілді. Бұл өңірдегі халықтың қауіпсіздігі мен жеке мүлкін қорғау және тонауға жол берілмеу үшін, деп түсіндірілді. Өткен түні коменданттық сағат талаптарын бұзған 22 адам ұсталды. Оның 11-і бүлікті ұйымдастырушылар мен араңдатушылар. Екеуі жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру бабымен қамауға алынса, қалғандарына қатысты құқықтық баға беріледі. Осы тұрғыда құзырлы органдар тұрғындарды айтаққа ермеуге, сақ болуға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kostanay music fest фестивалі өтті
17.08.2026, 13:27
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 13:24
Трамп Оңтүстік Кореямен бірге өткізетін жаттығуларды қысқартуды бұйырды
17.08.2026, 13:18
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03