Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікпен 2 адам ұсталды
Түркістан облысындағы «Ынтымақ» блок бекетінде Алматы қаласындағы тонауға қатысқан деген күдікпен екі адам ұсталды. Олардан түрлі техникалық құрал жабдықтар табылған. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Айнұр Ақбаева телефонмен тікелей эфирге қосылып отыр.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Облыстық коммендатураның мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Алматы-Түркістан бағытынан келе жатқан автобус тоқтатылған. Ондағы жолаушылардың тұлғасы мен жүктерін қарау барысында екі азаматтан түрлі тұрмыстық техникалық заттар табылған. Атап айтқанда, 1995 жылы туған жолаушыдан 1 дана ноутбук, 3 дана Iphone және Samsung телефондары, ал 1998 жылы туған азаматтан 3 дана Canon фотоаппараты мен 11 дана алтын бұйымдары және 2 сөмке жаңа киімдер табылған. Қазір осы оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Әзірге белгілісі, ұсталған екі азамат та бұрын ұрлық және тонау жасағаны үшін сотталғандар. Аталған оқиға Түркістан қалалық полиция басқармасында тергелуде. Дәл осындай жәйт Жетісай ауданында да тіркелді. Онда блок постта тоқтатылған екі жолаушыдан бірнеше тұрмыстық техникалар табылған. Олардың төңкеріс кезінде Шымкент қаласындағы дүкендерді тонауға қатысқаны анықталып отыр. Тергеу барысында бір тұрғын қылмысын толық мойындаған.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15