Қолға түскен күдіктілер саны 4266 жетті
Қолға түскен күдікті саны күн санап артып барады. Дәл қазіргі мәлімет бойынша, 4266 адам полиция органдарына жеткізілген. Бізбен байланысқа шығуға әріптесім Нысаналы Ығыл дайын тұр. Нысаналы, ел бойынша ахуал қалай?
Нысаналы Ығыл, тілші:
Рахмет, Саламат! Иә, құқық қорғау органдарының жұмысы қауырт. Қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар жүйелі жүргізіліп жатыр. Біз бүгінде Ішкі істер министрлігіндегі терроризмге қарсы жедел штаб орталығындамыз. Мұндағы сұрыпталған соңғы ақпаратқай сәйкес, қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні 4266 адам ұсталды. Қатарында шетел азаматтары да бар. Алматылық полицейлер Қалқаман ықшам ауданында оқ-дәрілер мен ұрланған мүліктерді тәркіледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, Алматы облысындағы ауылдардың бірінен 100-ден аса күдікті қолға түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша олар көрші мемлекеттің азаматтары. Жамбыл өңірінде бірнеше автомат пен тапанша табылды. Саламат, жаңартылған ақпарат шықса қосымша хабарлаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kostanay music fest фестивалі өтті
17.08.2026, 13:27
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 13:24
Трамп Оңтүстік Кореямен бірге өткізетін жаттығуларды қысқартуды бұйырды
17.08.2026, 13:18
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03