Алматы облысында жол апатынан 3 жасөспірім қаза тапты
Алматы облысының Көктал-Әулиеағаш тас жолында жол апатынан 3 жасөспірім қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға 2 қаңтар күні түнгі 22:00 шамасында болған. Тексеру барысында 14-15 жасар балалар көлікті тізгіндегені анықталды. Рөлге ие бола алмаған жас жүргізуші жолдн шығып кетіп, аударылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған балаға темір тұлпардың тізгінін берген көлік иесіне қатысты да тергеу амалдары жүріп жатыр. Жан-жақты сараптама тағайындалды.
Жамбыл Бәкетов, Панфилов аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары:
3 адам қаза тауып, екі адам дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізіліп отыр. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде. Құрметті көлік жүргізушілері! Көлікті жүргізу барысында жол ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауларыңызға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
18.08.2026, 17:13