Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
Елімізде қазақ тіліне арналған жасанды интеллект моделі әзірленеді.
Жоба отандық және Қытай ғалымдарының бірлескен зерттеулері аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен халықаралық симпозиумда айтылды. Жиынға екі елдің ғалымдары, оқытушылары, IT мамандары мен технологиялық компания өкілдері қатысты.Мамандардың айтуынша, жоба қазақ тіліндегі цифрлық технологияларды дамытуға және жасанды интеллект құралдарын ұлттық тілдің ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тараптар студенттер мен мамандар алмасуын жолға қойып, бірлескен зерттеу орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.
Мәдина Мансұрова, ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы:
Осы сессия арқасында орталықтар аша аламыз. Онда студенттермен алмасу, мамандармен алмасу болады және үлкен ірі компаниялар спонсырлық көрсетеді. Ол да жобаларды қолдауға мүмкіндік береді.
Пэн Ван, Солтүстік – Батыс политехникалық университетінің профессоры (Қытай):
Қазірдің өзінде бірлескен жобалар қолға алынды. Соның бірі – қазақ тілінің жасанды интеллект моделін әзірлеу. Бұдан бөлек, қашықтан зондтау технологиялары арқылы климаттық мониторинг жүргізуге арналған модель жасалып жатыр.Бұл жобамен бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Алдағы уақытта модельді одан әрі жетілдіре береміз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16