Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
Оралда «Ақжайық» шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын жаңа көпір құрылысы қарқын алды.
Жаңа өткел Шаған өзені арқылы өтеді. Жолымен қосқанда әлеуметтік нысанның
ұзындығы 4 шақырым, көпірдің ені 14 метр. Өткел төрт жолақты болады. Тұрғын
саны 150 мыңға көбейетін Зачаган кентінің халқы қазір қала орталығына жалғыз
көпір арқылы қатынайды. Жаңа өткел салынса, тұрғындар орталыққа қазіргідей 1
сағатта емес, 15 минутта жете алады. Жоба құны 36 млрд теңгеге жуық. Құрылыс
2028 жылы аяқталмақ.
Нариман Төреғалиев, БҚО әкімі:
Жолдың профилін шығарды. Енді қазір мына жерде 134 қада соғылады. Тереңдігі 15-18 метрден. Осының барлығымен қоса, мына 4,3 шақырым жерге топырақ төселеді. Себебі мына жерде өзеннің поймасы бар. Сондықтан жаңа таза топырақ әкелініп төселеді.
Бұдан бөлек «Ақжайық» шағын ауданында 70 көпқабатты тұрғын үй, 4 балабақша,
1500 орындық үш мектеп, жаңа аурухана, емхана, перинаталды орталық, 12 мың
орындық стадион – барлығы 60 әлеуметтік нысан бой көтермек. Қазір баспана
кезегінде тұрған оралдықтарға 1200 пәтер салынып жатыр. Жыл соңына дейін 9 үй
тапсырылады.
Нұркен Молдашев, БҚО құрылыс
басқармасының басшысы:
12 участокте бір стильде үйлер салынып жатыр. 5 қабатты жаңа жобада. Оның өз ерекшеліктері бар. Видеодомофон, кондиционерге корзиналар, фиброцементтік панель, аллюминий есіктер деген сияқты, басқа да ерекшеліктерімен салынып жатқан үйлер.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17