Жаңа жылда шырша мен теплоход өртеніп кетті
Жаңа жылда Жамбыл облысында мерекелік шырша жанып кетті. Тараз қаласының орталық алаңындағы өрт түнгі 12-ден 6 минут кеткенде басталған. Сол кезде шырша маңында халық көп болғанымен, ешкім зардап шекпеді. Жасанды шырша әп-сәтте түгі қалмай өртеніп кетті. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Ал Өскемен қаласында екі теплоход күлге айналды. Ертіс өзенінің жағасында тұрған кемелерді дәмхана ретінде пайдаланған. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. Әзірге зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.
Еліміздің бас қаласында да оқыс оқиға тіркелді. Жаңажылдық отшашу кезінде фейрверк ұшқыны тұрғын үйдің қабырғасына тиіп, қасбеті жана бастаған. Өрт дер кезінде өшірілді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
18.08.2026, 17:13