Сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты - Мағзұм Мырзағалиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты - Мағзұм Мырзағалиев

03.01.2022

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының қанша болу керектігі туралы пікір білдірді.

«Сұйытылған газға сұраныс әсіресе 2021 жылы артты. Себебі 2019 жылдан бері сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны биыл, шамамен, 2 есеге өсті. Әлемдік тәжірибеде сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты. Бензин бағасының 70% құрайды. Мысалы, АИ-92 маркалы бензиннің құны литріне 182 теңге болған кезде газдың нарықтық құны, шамамен, литріне 127 теңгені құрауы тиіс», - деді министр.



Хабарламаларға жазылу