Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді - Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді - Министр

18.11.2021

Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді. Осылай деген Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бензин құнының өсуіне әсер ететін екі факторды атады. Айтуынша, жанармай құны алдымен Brent  мұнайының бағасына тәуелді. Екіншіден, көрші елдерде қалыптасқан бағадан айырмашылық үлкен болмауы керек. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда екі аптадан бері бензин қымбаттап жатыр. Қазан айының соңында АИ-92-нің литрі 173-179 теңгеден саудаланса, өткен аптада 183 теңгеге дейін жеткен. Жанармай бағасы Ақмола, Алматы, Қызылорда облысында да өскен.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:
Жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді. Қазір жүйелік өзгерістерді әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде ең бастысы - біздің 3 мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу ремонттарының мерзімдерін нақтылау және регламенттеу. Екіншіден, мемлекеттік материалдық қорды қалыстастыру.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу