Былтырдан бері сұйытылған газ тұтыну көлемі екі есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтырдан бері сұйытылған газ тұтыну көлемі екі есе өсті

04.01.2022

Газ бағасына қатысты Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев түсініктеме берді. Қазір Маңғыстау облысындағы тұтынушыларды қолдау үшін сұйытылған газдың тоннасы 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни экспорт бағасынан 5-6 есе төмен. Ал, «Қазақ газ өңдеу зауытында» көгілдір отынның өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды. Ал, тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. Елімізде газбен жүретін автокөліктердің үлесі 70-90 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстарғанда екі есе көп. Бұл сұранысты қамтуға өндіріс орындарының шамасы жетер емес. Тапшылық болмау үшін мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу кестесі қатаң сақталуы керек. Министрдің сөзінше қазір заңнамалық өзгерістер әзірлуде. 2023 жылдың шілдесінен бастап ірі мұнай базаларын «датчиктермен» жабдықтау жоспарлануда. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ұсақ мұнай базаларына да есептеу жүйесі іске қосылмақ.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі: 
2020 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамту үшін 1,4 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. 2021 жылы ішкі нарықтағы тұтыну 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеліп соғуда.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу