Қарағандыда лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

29.12.2021

Қарағандыда екі бірдей лауазымды тұлға жауапқа тартылды. «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары өз атына жеке кәсіп ашып, мемлекеттік сатып алуға қатысып отырған. Мәселен, Теміртаудағы мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу үшін бюджеттен 3,9 миллион теңге алған. Ал екінші тұлға – Қазыбек би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы. Ол түрлі ұйымдар мен органдарға тауар жеткізумен айналысқан. Ауданаралық әкімшілік соты мемлекеттік қызметкердің екеуін де кінәлі деп танып, әрқайсына 408 мың теңге айыппұл салды. Бірақ екеуі де қызметтерінде қалдырылды.

Ердос Әбдірахманов, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі:

Семинар. кеңес өткізіп беру немесе шығармашылық кештерді ұйымдастыру сияқты, сценарий жазады, ол жерде әр-түрлі материалдар таратылуы мүмкін, сондай қызмет көрсетілген. Екінші жағдайда белгілі бір тауарды өзіне жүктеп алған, тендерді ойнатқан мекемеге әкеліп беремін деп.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу