Алматыда жол-көлік оқиғасынан бір адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол-көлік оқиғасынан бір адам зардап шекті

29.12.2021

Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Апат Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысындағы жолайрықта болған.

Куәгерлердің сөзінше жүйіткіген жапондық темір тұлпар кептелістен қашамын деп, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның кесірінен алдында келе жатқан көлікке бар екпінімен соғылған.

Қатты соққыдан жолдың арғы жағында келе жатқан такси жүргізушісі жарақат алып, жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.


Хабарламаларға жазылу