Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті

08.06.2021

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті. Куәгерлердің сөзінше, жол талғамайтын көлік жолдың жиегіне шығып кеткен. Қатты жылдамдықпен келген темір тұлпар арыққа түсіп, жағалай жарық бағанасын соққан. Қатты соққыдан есігі жұлынып, жүргізуші қолын сындырды. Апаттан тағы бір жеңіл көлік бүлінді. Зардап шеккендердің біреуі ауыр халде, қалғандары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу