Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 16 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 16 адам зардап шекті

11.03.2022

Қызылордада қалаішілік маршруттардың бірі жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды. 16 адам зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта Желтоқсан мен Қорқыт ата көшелерінің қиылысында болған. «Мercedes» спринтер қоғамдық көлігі «Тoyota camry» жеңіл автокөлігімен соқтығысқан. Жалпы екі жақтан 16 адам зардап шегіп, түрлі дене жарақатын алған. Оның 9-ы ересек, 7-еуі жасөспірім. Бір бала және бір есек адам шұғыл ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер, олардың жағдайы бірқалыпты дейді. Ал қалғандары алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді. Қазір полиция осы оқиға бойынша іс қозғап, жол апатының мән-жайын анықтауда.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу