Біріккен Корольдік құрамына кіретін елдерде карантиндік шектеулер күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Корольдік құрамына кіретін елдерде карантиндік шектеулер күшейтілді

27.12.2021

Біріккен Корольдік құрамына кіретін елдерде карантиндік шектеулер күшейтілді. Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияда көпшілік жерлерде әлеуметтік қашықтықты ұстану талаптары қайта енгізіліп, адамдардың жиналуына шектеу қойылды.

Мәселен, Шотландияда бүгіннен бастап, паб, мейрамхана, кинотеатр және жаттығу залдарына келушілер 1 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс. Ал үйде 3 отбасыдан артық жиналуға рұқсат етілмейді. Уэльс пен Солтүстік Ирландияда көпшілік орындарда бір үстел басында 6 адамнан артық кездесуге тыйым салынады. Ал түнгі клубтар мүлдем жабылуы тиіс. Англияда әзірге ешқандай шектеу жарияланбады. Бірақ Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон кез-келген уақытта тәртіп күшейтілуі мүмкін екендігін ескертті.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

Егер жағдай нашарласа, жедел әрекет етуге дайынбыз. Рождество кезінде барлықтарыңызды аса сақ болуға, өздеріңізді және жақындарыңызды қорғап, денсаулығында кінарат бар адамдарға әсіресе сақ болуға шақырамын. Нұсқаулықтарды орындауды ұмытпаңыздар.


Хабарламаларға жазылу