«Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы көрерменге ұсынылғанына 10 күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы көрерменге ұсынылғанына 10 күн

26.12.2021

«Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы көрерменге ұсынылғанына 10 күн. Туынды туралы жағымды пікір де, сыни ой да айтылды. Біз солардың бастыларына жауап іздедік.

Назира Рахманқызы, кинотанушы:

Драматургиялық құрылымы өте жақсы жасалған. Саундтрегі де жақсы. Басты рөлде ойнайтын Байғали Есенәліден бастап жағымсыз кейіпкерлерге дейін ойнайтын Нартай Сауданбекұлы, содан кейін мынау Жұмағали Махановтың рөлі қандай керемет алып шыққан. Тек жаңағы актерлердың мынау 37-ші жылда да сол келбеті, одан 20 жыл бұрынғы келбеті өзгермеген.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалынан үзінді

Сериалда 80-нен астам актер ойнады. Олар жан-жақты таңдаудан өткен. Ал, басты рөлдегі Байғали Есенәлиевке қойылған талап көп.

Байғали Есенәлиев, актер, қр еңбек сіңірген қайраткері:

Ахметке 1-ші курстағы студент сияқты кірістім.  Әр эпизодтарда Ахмет атамыз болғанда қайтер еді мына жерде деп ойлануға тура келді. Тіпті, кейде эпизодтарға түсіп жатып көзіңнен жас шығып кететін кездер болады, +я болмаса бір ашуланғандағы жай адамның қимыл қозғалысыменен берейін десең аға сәл тартыңқыраңыз, эмоцияны тартыңыз дейді. Ей ол да адам шығар десең, адам ғой бірақ ол Ахаң ғой дейді де...

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Мына қызықтың қараңыз... Көп көрермен басында, әсіресе дәл осы сәтте Ахметті қабылдай алмадық деп жазды. Ал, қызығы бұл эпизод соңғы күні түсірілген. Ал, көрермендердің Байғали аға Ахаң образын аша білді деп санайтын Ахметтің түрмеге қамалған сәті ең бірінші түсірілген екен.

Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

Актерларға дайындалуға мүлде уақыт болған жоқ. Себебі бір түсірілім күні минимум 1 млннан, 2-3 млнға дейін мысалыға баға тұрады. Сондықтан, сіз түсірілім күнін ұзартқан сайын сіздің бюджетіңіз оны көтермейді.

Сонда ұлт ұстазы туралы сериалға ақша неге аз бөлінді?

Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

 Түсірілетін сериалдардың осыдан 15-20 жыл бұрын бекітілген шекті межесі бар екен. Мысалы, бір суммадан артық мынадай сома бөлінбейді деген лимит бар екен. Одан бері қарай қаншама уақыт өтті. Қаншама инфляция болды, баға қымбаттады, бірақ сол мәселе ескерілмей келе жатыр.

Назира Рахманқызы, кинотанушы:

Тарихи тұлға туралы жалпы дүние жасау бұл өте қиын. Маман ретінде мен бұл сериалдың сәтті шыққанын мойындап отырмын. Әрине, айтуға болады көп несін, бір жағынан жұпынылық бар.

Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

20 ғасырдың басқы кезеңін түсіру өте қиын. +Ешқандай ғимарат сақталмаған. Сондықтан, біз ауылға кетіп қалғанымыз да сол. Ауылдағы ескі үйлерді соған ыңғайлап, ықшамдап бірін Ахаң үйі қылдық, бірін Орынбордағы үйі қылдық, бірін редакция қылдық деген сияқты жоқтан барды құрауға тура келді.

Райхан Имаханбет, Ахметтанушы ғалым, А. Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры:

Тарихи дерекпенен көркемдік шындық үйлесімін тауып жатса құба құп қой. Бірақ, нағыз Ахметтің туған өлкесін көрсете алмады.

Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

Жалпы, фильм өзі 300 минуттан тұрады десек. Соның 5 минутқа жетер-жетпес уақыты ғана осы локациясы Торғай даласы екен. Енді 5 минут үшін анау Торғайға барсақ, бізде басқа көптеген эпизодтар түсірілмей қалар еді...

Осы Торғайдағы оқиғаларға қатысты кей көрерменде сұрақ туды. Әсіресе, Ахмет пен Амангелді батырдың кездескен тұсына байланысты...

Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

16 жылғы идеалық қақтығыстар Алаш қозғалысының ажырамас бөлігі сияқты нәрсе. Сондықтан, Алаш, зиялыларының осы жерде осындай позиция ұстанғанын білу үшін ғана біз сол нәрсеге бардық. Сондықтан, мен көрсеткен адамға қарап, Амангелді осындай болды екен деген ой тумайды деп ойлаймын. Ал, енді біреулер Амангелдіні жаман жағынан көрсетті, Амангелдіні бұрмалады десе менің ойымша бірінші кезекте М. Шоқайдың мақаласына немесе Міржақыптың сол кездегі мақалаларына жауап берілуі керек деп ойлаймын.

Мұндай таластың болуы - ол кезеңді әлі қанша зерттеу қажеттігін көрсетсе керек. Ал, туындыны тартымды еткен тағы бір кейіпкер – Қаппас Тоқпаев образы...

Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

Қаппас Тоқпаевтың образы жалпы сатқындықтың табиғатын ашатын нәрсе деп ойлайм. Себебі, сатқындық бір күнде келмейді, адам сатқын боп туып сата салмайды. Ал, енді анау соңғы эпизодта екеуін бөлек қалдырғанда оның ішкі арпалысы көрінеді. Ол біресе өзін кінәлайды, біресе қасында отқан адамды кінәлайды, біресе жүйені кінәлайды.

Кейіпкерлердің бәрі тарихи тұлғалар. Тек тергеуші образы ғана ойдан жасалған. Саңғытов есімді НКВД қызметкерін Нартай Сауданбекұлы сомдады. Ахметті тергегендер қандай болғаны белгілі. Ал, сериалдағы тергеуші оларға ұқсамайды. Оның да сыры бар...

Нартай Сауданбекұлы, актер:

Неге Саңғытов өзгерді? Мен әдейі мұны біраз айтпаймын. Көбі айтады балам деген сөзінен сынып кетті дейді, біразы айтады ана кітапты толық оқыды. Рас бұлардың барлығы жаңағы өзгеруіне себеп болған нәрсе, бірақ негізгісі емес, негізгісі менің ішімде, бірақ оны бір адам тапса менің оған алғысым шексіз...

Нартай Сауданбекұлы сериал сәтті шығуы үшін өзінің кейбір принциптерін де бұзған.

Нартай Сауданбекұлы, актер:

Темекіні режиссердың рұқсатыменен өзім қостырдым. Режиссер қарсы болды негізінде. Өйткені, режиссердың өз талабы менің киномда сондай бір жаман дүниелер көрінбесе екен. Темекі, арақ дегеннен аулақ адам режиссер, мен де ондайдан аулақ адаммын бірақ мынау рол үшін баруға тура келді.

Басты рөлдегі Байғали Есенәлиевтің де түсірілім уақытылы бітуі үшін шыдамдылық танытуына тура келген. Мәселен, мына тұста...

Байғали Есенәлиев, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Жуынатын жаңағы сахнасын Шонжыдағы бір әскери ескі әскери бөлімде түсірдік. Оның үстіне бір ызғарлы күн еді. Бүкіл камера, бүкіл свет жарықтың бәрі қойып қабырғаның бәрін сол заманға лайықтап түгел жабдықтап болғаннан кейін ал бастаймыз ба аға деді. Душтың астына барып тұра қалдым сөйтсем су тастай екен, бірақ көкейімде бір нәрсе тұрды да Ахаңа өлер алдында біреу су жылытып берді дейсің бе деген...

Шығармашылық топ осындай ниетпен кіріссе де, оларды ашындырған сәттер аз емес.

 Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

Мысалыға Ахметті түрмеге қамап тастайды ия. Түрмеге қамағаннан кейін оның штрафын төлеп, шығарып алу үшін жан-жақтан адамдар мал жібереді. Ақша жібереді. Сол кезде жаңағы Ғазымбек пен Қаппас сол малды айдап келе жатқан сахна болу керек еді. Бірақ, сол көріністі түсіретін кезде келісіп қойған кісіміз аяқ астынан айнып, маған қойдың басына 500 теңге төлеңдер деп сол үшін біз амал жоқ, екеуін ауызбен айтқызып, ана жақта қой жинап қойыпты соны барып алып келейік деп жүргізуге тура келді.

Сериалға реквизиттер табу да оңай болмаған.

 Мұрат Есжан , «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының режиссері және сценарий авторларының бірі:

Бұлардың барлығын жалға алдық. Мынау шайтанбазар дейді ғо, сондай базарларды араладық. +07:40 Одан бөлек біз енді детализацияға қатты мән бердік. Бума бума қазақ газетін жасаттық қолдан. Архивтен ондай нәрсе табу мүмкін емес.

Осының өзі туынды қандай ізденіспен түсірілгенін байқатады. Енді негізгі сұрақ, сериалдың интернеттегі көрсетілімі неге аз?

Нартай Сауданбекұлы, актер:

Біздің сериалдар осындай екі жолмен кетті. Ютубта көрсетілімі млндарды жинайтын бір сигмент кетіп бара жатыр. Ұлт үшін, ұлттың тарихын жоқтайтын ерекше түсірілген жанашырлықпен ұлт үшін түсірілген 50 мың просмотрмен екінші сигмент кетіп бара жатыр. Енді халық өзі қайсының дәрі, қайсының у екенін ажыратуы керек.

Назира Рахманқызы, кинотанушы:

Авторлардың тақырыпқа қатысты өздерінің адалдығы көрінетін бір тұс бар. Мынау сериалдың соңында қолданылған барлық әдебиеттің тізімін беріп отыр, ал бұл өте маңызды.

Райхан Имаханбет, Ахметтанушы ғалым, А. Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры:

Маған қатты ұнағаны азапты өмір, арпалысты өмір ғой Ахметтікі. Бірақ, сол азапты өмірді қанға бояп көрсетпей Ахметтердің де өмірден озған кезін енді былай айтқанда шейіт, құрбан болған кісілерді мәңгі өлмейтін пыраққа отырғызып шығарып салғанын мен мысал үшін толқып көрдім, көзіме жас алдым. Себебі, Ахмет өлмейтін мәңгілік тұлға екенін біздің бұл балалар көрсете алды..

Аманкелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу