Президент атынан бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент атынан бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды

24.12.2021

Балаларға – базарлық! Елордада Президент атынан көп балалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және дарынды балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. «Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде» деген айдармен өткен мерекелік шарада 200 бүлдіршінге Мемлекет басшысы атынан сыйлықтар табысталды.

Жаңа жылдық шараға балалардың тыңғылықты дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Қызыл-жасылды шамдармен безендірілген шырша мен ертегі кейіпкерлері мерекені қыздыра түсті.

Жаңа жыл өздеріңе, туыс-туғандарыңа, достарыңа қуаныш нұрын төксін. Игілік пен бақыт сыйласын!

Аяз ата мен Ақшақарды, сантаклаустар мен гномдарды балалар үлкен қуанышпен қарсы алды. Ән айтып, би билеп, театрландырылған қойылымдар қойды. Айта кетейік, Президент атынан әзірленген тәттілер мен сыйлықтар 200 балаға табысталады.

Қасымхан Сенғазыев, Білім басқармасының басшысы:

Президентіміздің атынан құттықтау хаты. Ертегілер кітабы баланың ой-өрісін дамытатын ойындар. Және де ең жақсы сый болады деп ойлаймын, ол 100 мың теңге Президент атынан сертификат.

Ақзере Бағланқызы, 10 сынып оқушысы:

 Өте керемет болып жатыр. Біз ұзақ дайындалдық. Өте кермет мереке. Барлық балаларға сәттілік тілеймін! 

Шараның ашылуынан кейін Аяз ата мен Ақшақар үй-үйді аралап, бүлдіршіндерге сый-сияпаттарды табыс етті. Осындай ерекше құрметке ие болғандардың бірі – Әсет Амантай. Оқуда алғыр, спортта алда оқушы енді жетістіктерді еселеймін деп отыр.

Әсет Амантай, 5 сынып оқушысы:

 Президент маған сыйлық жіберіпті. Көп рахмет. Мен қуаныштымын.

Гүлшат Қосмаханова, қала тұрғыны:

Балам бәрін ашып, шыдай алмай ашып қуанышта болды. Рахмет көп-көп осындай сыйлықтар беріп жатқанына. Көңіл аударып жатқандарына.

Президент атынан жаңа жылдық сыйлықтар осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Енді бүлдіршіндер үшін қала әкімінің шыршасы өтеді.

Жасұлан Жақсай 


Хабарламаларға жазылу