Боливияда су тасқынынан үйлерге қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда су тасқынынан үйлерге қауіп төніп тұр

24.12.2021

Боливияны алапат су тасқыны жайлады. Табиғи апаттан 8 адам қаза тапқан. Бірнеше үй қирады, тағы ондаған баспанаға қауіп төніп тұр. Үй-күйсіз қалған тұрғындар жергілікті мектеп ғимаратын паналауға мәжбүр болды. Елдің ауа райын бақылау қызметі су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Индонезияда күшті жел жұртты жарықсыз қалдырды

Индонезияда толассыз жауған нөсер жаңбыр мен қатты жел жұртты әбігерге салды. Дауылдың екпінінен ағаштар құлаған. Көліктерге зақым келіп, электр бағаналарының сымдары үзілді. Соның салдарынан Тангеранг қаласының тұрғындары электр жарығынсыз қалды. Қазір мұнда табиғи апаттан соң жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу