Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

29.03.2024

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге AMANAT партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері көмектесіп жатыр. Ерікті жастар Темір ауданы Шұбарқұдық елдімекеніндегі суда қалған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Еріктілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге, баспаналардан қажетті заттарын алып шығуға жәрдемдесіп жатыр. Кееш Елек арнасынан тасып, маңындағы үйлерге де қауіп төнді. Елуден астам ерікті өзен-көл жанында орналасқан баспаналарға су кірмес үшін арнайы бөгеттер жасады. Қазірдің өзінде бұл жерге 3 тоннадай инерттік материал төселді.

Әлішер Тыныштық, «AMANAT» партиясы жанындағы «жастар рухы» жастар қанатының аоф төрағасы:

Өздеріңіз көріп тұрғандай Елек өзені көтеріліп жатыр. Ол осы дачаларға су өтіп кетпес үшін барикадалар құрап жатырмыз. Күні кеше Шұбарқұдық кентіне Жастар рухы жастар қанатының белсенділері жол тартты. Жиырмаға жуық белсенді сол жақтағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерге көмектесіп, үйлерді қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар атқарды.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу