БҚО-да ауыл халқы көшіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да ауыл халқы көшіп жатыр

01.04.2022

Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен Шағыл ауылының тұрғындары көшіріліп жатыр. Қаратөбе ауданына қарасты елді мекеннің азаматтары қалалық мәдениет үйіне орналастырылған.

Ал, кеше мектебі құлаған Шалғын ауылында Шиелі өзені тасып, 25 үй суға кетті. Бірнеше үйдің қабырғасы опырылып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Оралдан жеткен құтқарушылар мен алты арнайы техника жұртты эвакуациялап жатыр. Қазір облыс басшылығы мен мамандар су тасқыны қауіпті аумақтарға тікұшақпен жетті. Шалғын ауылы қатаң бақылауда. Ақтайсайда қатынас тоқтап, елді мекен судың ортасында қалды. Аққозы, Қоскөл ауылдарына да тасқын судан қауіп төніп тұр. Ал, Сырым ауданының Өлеңті, Қособа, Алғабас елді мекендерінде қар суы тұрғын үй аулаларын басып жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу