Владимир Путин: Ресей Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайта түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Путин: Ресей Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайта түспек

23.12.2021

Ресей Украинамен де, Батыспен де жанжалдасуды қаламайды. Мұны бүгін президент Владимир Путин жылда өтетін дәстүрлі баспасөз-конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу Америка Құрама Штаттарына қауіпсіздік жөнінде ұсыныстар жіберіп, оң жауап алған. Әрі қос тарап келесі жылы Женевада келіссөздер өткізуі мүмкін.

Тағы бір сөзінде Кремль басшысы Ресей әскері қаңтар айында Украинаға басып кіреді деген болжамды жоққа шығарды. Путииның айтуынша, Батыс НАТО-ның Украинамен байланысын күшейте отырып, украин жеріне ракеталарын шоғырландырып, Ресейді қауіпке душар етпеуге уәде беруі керек. Алайда, осыған дейін Вашингтон мен Брюссель ескерткендей, Солтүстікатлантикалық альянс бүгінде Ресейге қатер төндіріп тұрған жоқ.

Ресей Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайта түспек

Ал Қазақстанмен іргелес ел барлық салада ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Ресей президенті арнамыздың Мәскеудегі тілшісі Индира Бегайдарға берген жауабында айтты. Баспасөз маслихатында көрші ел басшысы алдағы жоспарларымен де бөлісті

Индира Бегайдар, тілші:

Владимир Путин, РФ Президенті:

Экономика саласындағы байланыстар түрлі бағытта дамып келеді.Бірақ басты мақсаттың бірі - экономикалық байланыстарымыздың құрылымын өзгертуіміз керек. Әсіресе, жоғары технологияларды пайдалануға басымдық беруіміз керек. Цифрландыру, медицина, ғарыш салаларында қарым-қатынасты жетілдіре түсеміз. Байқоңыр ғарыш айлағындағы бірлескен жұмыстарды да әрі қарай жалғастыра береміз.Қойған сұрағыңыз орынды. Байқоңыр ғарыш айлағын тек космос аппараттарын ұшыруға қолданып қана қоймай, ғарышты игеруде батыл қадамдарға баруымыз керек,өз құзырымызды кеңірек пайдалануға тиіспіз.


Хабарламаларға жазылу