Өскеменде есірткі жасаумен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде есірткі жасаумен айналысқандар ұсталды

23.12.2021

Өскеменде синтетикалық есірткі өндіретін зертхана құрған күдіктілер анықталды. Шығыс Қазақстан облысының есірткі қылмысына қарсы басқарма қызметкерлері арнайы операция барысында жергілікті тұрғыннан 120 грамм есірткі жасауға арналған заттар тәркілеген. Куәгерден жауап алу кезінде тапсырысты Алматылық жас келіншек ұйымдастырғаны белгілі болды. Тексеріс нәтижесінде күдіктінің Алматыдан Өскеменге арнайы келіп, пәтер жалдап, синтетикалық есірткі жасаумен айналысқаны белгілі болды. Күдіктілер қолға түсті. Оларға қарсы аса ауыр қылмыс жасады деген айыппен, іс қозғалды. Егер қылмысы дәлелденсе,дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мен 15 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін          

Хабарламаларға жазылу