Нұр-Сұлтанда есірткі жасап, оны сатумен шұғылданған әйел ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда есірткі жасап, оны сатумен шұғылданған әйел ұсталды

20.05.2020

Синтетикалық есірткі жасаумен және оны сатумен шұғылданған әйел ұсталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерде заңсыз лаборатория ұйымдастырған. Пәтерді тінту барысында 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылды. Тіркіленген тауардың қара базардағы құны 34 миллион теңгеге тақау. Онымен қоса, психотроптық затты дайындауға қажетті шикізат, химиялық реагенттер және медициналық құралдар тәркіленді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ



Хабарламаларға жазылу