Қостанайда жалған ақша жасаумен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жалған ақша жасаумен айналысқандар ұсталды

11.06.2019

Алаяқтардың әрекеті экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында анықталған. Олардан ұсталған кезде қолдан жасалған 223 мың ресей рублі, 8 мың теңге табылды. Ал 19 мың 500 еуроны күдіктілер айналымға шығарып үлгеріпті. Қазір осы қылмысқа қатысы барлардың бәрі қамауға алынды. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.

Айнұр Оспанова, экономикалық тергеу департаментінің бас маманы:

Осы факті бойынша, ҚР ҚК 231 бабы 2 тармағы бойынша, жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау өткізу бойынша, ҚР ҚК 190 бабы 3 тармағы алаяқтық бойынша іс қозғалды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


 

 

Хабарламаларға жазылу