Еліміздің бірнеше аймағында есірткі сатумен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше аймағында есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

12.02.2024

Еліміздің бірнеше аймағында синтетикалық есірткі сатумен айналысқандар ұсталды. Ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы операция кезінде 258 құқықбұзушылық жағдай анықталған. Күдіктілер синтетикалық өнімді тасымалдау, аса ірі көлемдегі тауарды жасыру дерегі бойынша қолға түсті. Олардан жалпы салмағы 147 келі есірткі тәркіленген. Күдіктілер Алматы, Шымкент, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істеген.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу