Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқандар ұсталды

10.10.2017

Алматы облысында жалған 30 мың АҚШ долларын нарыққа енгізбек болған төрт азамат құрықталды. Күдіктілер Алматы-Бішкек тас жолының 16-шақырымындағы авто тұрақтардың бірінде ірі көлемдегі шетел валютасын 3 миллион 60 мың теңгеге сатқалы тұрғанда қолға түскен. Жалған ақша жасаумен айналысқандардың екеуі - Тәжікстан елінің азаматы болып шықты. Қазір тергеу қызметі ұсталғандардың бұған дейін қанша қаражатты айналымға жібергенін және олардың сыбайластарын анықтаумен айналысып жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі толық дәлелденетін болса, олар Қылмыстық кодекстің 231-бабы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жақсылық Мырзахан, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік Кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің қызметкері:

- Тергеу амалдарын жүргізу барысында бұл азаматтардың екеуінен  де жиырма дана жүз долларлық жалған ақша анықталды. Тағы біреуінің қалтасында 7 дана жүз долларлық ақша анықталған болатын. Мұның барлығы бір іске біріктіріліп тергеу амалдары жүргізілуде. Заңды уақытында процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу