Тараз қаласының тұрғыны есірткі жарнамалап жатқан жерінде қолға түсті
Тараз тұрғыны есірткі жарнамалап жатқан жерінде қолға түсті. Ол тұрғын үй қабырғасына кодтық сөздер мен байланыс нөмірлерін жазу үстінде ұсталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы қала тұрғыны анықталған. Күдікті үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазған. Тексеру кезінде ұсталған азаматтан заттай айғақтар, қара түсті маркер мен ұялы телефоны табылды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Енді қала тұрғыны қылмысы үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Асқар Жұмабеков, облыстық ПД басқарма бастығы:
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, насихаттау және заңсыз жарнамалағаны үшін ҚР ҚК 299-1-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00