Ыстанбұлда Тәуелсіздік күніне орай жаңа кітап таныстырылды
Ыстанбұлда тұратын қазақтардың ең көп шоғырланған ауданы Зейтінбұрныда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өтті. Жырақта жүрсе де, атамекендегі мерекелер мен айтулы күндерді қалт жібермейтін қандастарымыз шағын да болса, мағыналы кеш ұйымдастырды. Басқосуда сонау Алтайдан көшкеннен бастап азаттық алғанға дейінгі қазақтың тарихы мен соңғы 30 жылда жеткен жетістіктері сараланды. Сондай-ақ осы кеште журналист Гүлназ Кәрімжанның «Қандастар» кітабы таныстырылды. Түркияда тұратын қандастарымыздың өткені мен бүгіні туралы жан-жақты мағлұмат беретін кітапқа арқау болған - осында тұратын ағайынның басынан өткен оқиғалары.
Әбдіуақап Қара, Мимар Синан университетінің профессоры, тарихшы:
Бұл кітап саралап қараған кісіге дүниежүзіндегі қазақтың мәдениеті ортақ екенін, қайғысы, қуанышы, мұңы, мақсаты мүддесі ортақ екенін әйгілеп отыр. Сонысымен де ерекше құнға ие деп ойлаймыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
18.08.2026, 17:13