Түркиядағы ең үлкен кітапхананың сөрелері қазақ авторларының шығармаларымен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы ең үлкен кітапхананың сөрелері қазақ авторларының шығармаларымен толықты

15.12.2021

Түркиядағы ең үлкен кітапхананың сөрелері қазақ авторларының шығармаларымен толықты. Бауырлас елмен мәдени байланысты бекіте түсу мақсатында Қазақстанның академиялық ұлттық кітапханасы 200-ге жуық кітапты Түркия Президенті жанындағы ұлттық кітапханаға сыйға тартты. Олардың арасында Абай мен Жамбыл шығармалары, Алаш қозғалысының тарихы, қазақтың салт-дәстүрі туралы сан түрлі сүбелі кітаптар бар. Игілікті шараға орай өткен конференцияда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы сан тарау жолы туралы жан-жақты мағұлмат айтылды. Азаттығымыздың 30 жылдығына орай Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған жиында сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымаққа елеулі үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері «Абай» медалімен марапатталды.

Айхан Тұғлы, Түркия президенті жанындағы кітапхананың басшысы:

Қазақтар біздің бауырларымыз. Ата жұртымыз. Сондықтан осындай мәдени байланыстың маңызы зор. Бұған дейін Қазақстанның елшілігі бізге қазақша кітаптар сыйлаған болатын. Енді келер жылы біз де Қазақстанның ұлттық кітапханасына 250-ге жуық кітапты тарту ету үшін дайындап жатырмыз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу