Астанада жас хореографтардың «Жастар шығармашылығы» атты кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас хореографтардың «Жастар шығармашылығы» атты кеші өтеді

07.12.2014
Астанада жас хореографтардың «Жастар шығармашылығы» атты кеші өтеді

9 желтоқсан күні Қазақ Ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы Үлкен залында отандық жас хореографтардың «Жастар шығармашылығы» атты шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

«Жас педагогтар өнертану магистрі, режиссер-хореограф, «Жастар жалыны-2013» қалалық конкурсы Гран при иегері, «FiestaloniaKazakhstan -2014» халықаралық конкурсынлда 1-ші орын алған Ләззат Өкеева және өнертану магистрі, педагог-хореограф Элеонора Жұмадиярова өздерінің авторлық және педагогикалық жұмыстарын ұсынады. 

Хореографтардың жұмысы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Хореография» кафедрасының бастапқы және жоғарғы буындары студенттері мен көрермендерге тарту етіледі», - делінген хабарламада.

Кешті өткізудегі мақсаты – көрермен қауымды отандық жас хореографтардың шығармаларымен таныстыру.  

Хабарламаларға жазылу